Қолдау қызметі

Көмектесеміз

Қосымша бойынша сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз немесе шағымдарыңыз болса — жазыңыз. Барлық хатқа жауап береміз.

Байланыс

Бізбен байланысыңыз

Хатыңызда телефон нөміріңізді, қосымша нұсқасын және мәселенің сипаттамасын көрсетіңіз — солай жылдамырақ шешеміз.

Электрондық пошта

support@auyltech.kz
Жауап беру мерзімі — 1 жұмыс күні.

Телефон

[телефон нөмірі]
WhatsApp арқылы да жазуға болады.

Жұмыс уақыты

[Дс–Жм, 09:00–18:00 (UTC+5)]
Демалыс күндері хаттар келесі жұмыс күні қаралады.

FAQ

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымшаға қалай кіремін?

Телефон нөміріңіз арқылы. Нөмірді енгізесіз, SMS-пен бір реттік код келеді, оны енгізесіз. Пароль қажет емес.

SMS-код келмей жатыр

Байланыс деңгейін және нөмірдің дұрыстығын тексеріңіз, 60 секундтан кейін кодты қайта сұратыңыз. Егер бірнеше әрекеттен кейін де келмесе — нөміріңізді көрсетіп support@auyltech.kz адресіне жазыңыз.

Техникамды қалай орналастырамын?

Профильде «Иесі» режиміне ауысасыз, техника қосасыз: фото, сипаттама, баға және тариф. Иелерді тексеру үшін құжаттар сұралуы мүмкін.

Қосымша ақылы ма?

Тапсырыс берушілер үшін толығымен тегін. Техника иелері үшін объявление көрсетілім уақыты есептеледі — қазіргі кезеңде бұл да тегін.

Жалдау ақысы қалай төленеді?

Есеп айырысу тапсырыс беруші мен техника иесі арасында тікелей, қосымшадан тыс жүреді. Біз мәмілелерден комиссия алмаймыз және төлемдерді өткізбейміз.

Тапсырысты қалай өзгертемін немесе тоқтатамын?

«Менің тапсырыстарым» бөліміне кіріп, тапсырысты ашасыз да, «Бас тарту» батырмасын басасыз. Шарттарды өзгерту үшін иесімен чат арқылы келісіңіз.

Аккаунтты қалай жоямын?

Қосымшада: Профиль → Параметрлер → Аккаунтты жою. Толық нұсқаулық осы бетте.

Пайдаланушыға немесе объявлениеге қалай шағымданамын?

Төмендегі «Контентке шағымдану» бөлімін қараңыз.

Қауіпсіздік

Контентке шағымдану

PROKAT-та қорлайтын, алдамшы немесе заңсыз контентке жол берілмейді. Мұндай объявление, хабарлама, пікір немесе профильді байқасаңыз — бізге хабарлаңыз.

Шағымды support@auyltech.kz адресіне «Шағым» тақырыбымен жіберіңіз. Хатта көрсетіңіз:

  • неге шағымданасыз — объявление, чаттағы хабарлама, пікір немесе профиль;
  • сілтеме, атау немесе экран суреті;
  • шағым себебі.

Біз әр шағымды 24 сағат ішінде қараймыз, ережені бұзған контентті жоямыз және бұзушының аккаунтына шектеу қоямыз.